Бізге жазылыңыз:

Коммуналдық қызметтер тарифі келесі жылы 20-30 пайызға көтеріледі

Коммуналдық қызметтер тарифі келесі жылы 20-30 пайызға көтеріледі
Бұл туралы Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігісубс Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев айтты. Тарифтердің өзгеруіне келер болсақ, бұл ретте ұлттық жобада (Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы) субсидиялау тетігі қарастырылған. Яғни, заем қаражаты тариф, негізгі қарыз және сыйақы бойынша пайыздық мөлшерлеме ішінде болады. Бірақ, тарифке қысымды төмендету үшін республикалық бюджет субсидиясы сыйақы үстемесінің бір бөлігін жабады. Яғни, сыйақының 10 пайызы тарифке қосылады, ал одан артығы мемлекет тарапынан субсидияланады. Осылайша, біз тарифтің күрт артуына жол бермейміз. Жалпы, келесі жылға жоспар — бұл тарифтердің 20-30 пайыз шегінде өсуі, — деді комитет басшысы.

Ұқсас материалдар