Бізге жазылыңыз:

ҚМГ мен Samsung E&A ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

ҚМГ мен Samsung E&A ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов бастаған компания делегациясы Сеул қаласындағы Samsung E&A штаб-пәтеріне барды. Кездесу барысында тараптар серіктестікті одан әрі дамыту және бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттарын талқылады.

Samsung E&A атқарушы вице-президенті, сату және бизнесті дамыту жөніндегі басшысы Роберт Юнмен өткен келіссөздерде корей компаниясының Қазақстандағы мұнай өңдеу зауыттарының қуатын арттыру жобаларына қатысу мүмкіндігі қарастырылды.

Сонымен қатар Samsung E&A өкілдері ҚМГ делегациясына компанияның негізгі жобалары мен технологиялық шешімдерін таныстырды.

Samsung E&A мұнай өңдеу және мұнай-химия кәсіпорындарын жобалау және салу саласында маманданған. Бұдан бөлек, компания баламалы энергетика, экология, сумен қамту және биотехнология бағыттарындағы жобаларды дамытып келеді.

Ұқсас материалдар