Қазақстан Үкіметі азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталған әлеуметтік реформаларды жүйелі түрде іске асыруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған басымдықтарға сәйкес, негізгі назар халықтың әл-ауқатын көтеруге, білім мен денсаулық сақтау сапасын жақсартуға, ауылдық аумақтарды дамытуға және адам капиталына инвестиция салуға аударылып отыр.
2026 жылдан бастап зейнетақылар мен әлеуметтік төлемдер 10%-ға индекстелді. Балалы отбасыларды, көпбалалы аналарды, мүмкіндігі шектеулі жандарды және әлеуметтік осал топтарды қолдау шаралары кеңейтілді. Сонымен қатар жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы жүздеген мың адам жұмысқа орналастырылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.
Денсаулық сақтау саласында ауылдық жерлерде жүздеген жаңа медициналық нысан пайдалануға беріліп, дәрігерлерді қолдау күшейтілді. Білім беру бағытында жаңа мектептер салынып, балабақшалардағы орын саны артты, ал ғылым мен жоғары білімге бөлінетін қолдау көлемі ұлғайды.
Үкімет цифрлық әлеуметтік қызметтерді де дамытып келеді. Smart Data Ukimet және Family Service Management платформалары арқылы әлеуметтік көмек нақты отбасының қажеттілігіне қарай көрсетіліп, мемлекеттік қызметтердің тиімділігі артып отыр.
Толық шолуды мына сілтемеден оқуға болады: https://primeminister.kz





