Бізге жазылыңыз:

«Келешек» жүйесі іске қосылды: алғашқы күні 1 000 балаға AQYL депозиті ашылды

«Келешек» жүйесі іске қосылды: алғашқы күні 1 000 балаға AQYL депозиті ашылды

2025 жылдың 12 мамырында Қазақстанда балалардың білім алуына арналған ерікті жинақтау жүйесі — «Келешек» іске қосылды. Тек алғашқы күні 1 000 ата-ана Отбасы банкінде AQYL білім беру депозитін ашты.

Қазақстанда алғашқы қатысушы – 5 жастағы Ибрагим Адилбек. Оның шотына мемлекет 60 АЕК (235 920 теңге) көлемінде старттық білім беру капиталы аударады. Бұл қаржыны сақтау үшін жыл сайын 24 АЕК (94 368 теңге) көлемінде шотты толықтырып отыру қажет.

Депозитті ашудың 4 жолы бар:

  1. otbasybank.kz порталында

  2. Банк сайтындағы бейнеқоңырау арқылы

  3. Банк бөлімшелерінде

  4. Кеңесшілердің көмегімен

Жиналған қаражат баланың оқуына жұмсалады немесе грант алған жағдайда тұрғын үй алуға, басқа білім деңгейлеріне не туыстарына беруге болады. Бұл — баланың болашағына салынған сенімді инвестиция.

Ұқсас материалдар