Бізге жазылыңыз:

«ҚазМұнайГаз» мұнай өнімдерін өткізуді цифрландырып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» мұнай өнімдерін өткізуді цифрландырып жатыр.

Мұнай-газ саласын цифрлық трансформациялау аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдерін өткізу саласына заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда. Негізгі құралдардың бірі – сатып алушылармен өзара іс-қимылдың негізгі процестерін электрондық форматқа көшірген Шарттық құжат айналымы жүйесі (СДД) болды.

Енді компаниялар мұнай өнімдерін сатып алуға өтінімдерді онлайн беріп, келісімшарттарға электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қоя алады, отынды алу құжаттарын рәсімдеп, барлық операциялардың тарихын бірыңғай жүйеде бақылай алады. Бұл мәмілелерді рәсімдеу уақытын едәуір қысқартып, қағаз құжат айналымын азайтты.

Жүйе іске қосылғаннан бері 6 млн тоннадан астам мұнай өнімін жеткізуге 9 мыңнан астам электрондық келісімшарт жасалған.

Келесі кезеңде жанармайды цифрлық бөлу тетігі енгізіледі. Жаңа жүйе жанармай құю станциялары мен басқа да сату арналары арқылы отынның нақты сатылу көлеміне сүйене отырып жұмыс істейді. Осы мақсатта СДД Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен біріктіріледі. Бұл мұнай өнімдерін бөлу процесінің ашықтығын арттырып, жеткізуді басқарудың тиімділігін күшейтіп, субъективті факторлардың ықпалын азайтады.

Сонымен қатар, СДД Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында да енгізіліп жатыр. Алдағы уақытта кәсіпорындар мұнай өңдеуге қатысты келісімшарттарды толықтай электрондық форматта жасасуға көшеді.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, цифрлық шешімдерді енгізу мұнай-газ саласының тиімділігін арттыруға, ресурстарды бөлудің ашық тетіктерін дамытуға және Қазақстандағы Цифрландыру жылы аясындағы стратегиялық міндеттерді іске асыруға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар