
Қазақстанның бірегей болмысын, ұлттық бірегейлігін, мәдени көптүрлілігін және елдің көрікті нысандарын бейнелейтін тұжырымдамалық жоба дайындалған. Оның таныстырылымы алдағы уақытта өтеді.
Келесі кезеңде төлқұжаттың сигналдық (сынақ) үлгісі дайындалмақ. Басып шығару және қорғаныс технологияларын енгізудің көпсатылы үдерісін ескерсек, бұл жұмысқа бірнеше ай қажет болады.
— Қолданыстағы төлқұжат үлгісі 17 жылдан бері пайдаланылып келеді. Жаңа дизайнның енгізілуі жаппай ауыстыруды қажет етпейді. Жаңа үлгідегі құжаттар бұрынғы төлқұжаттың жарамдылық мерзімі аяқталған кезде, бүлінген жағдайда немесе азаматтың қалауы бойынша ғана беріледі. Рәсімдеу құны өзгеріссіз қалады. Бүгін Банкнот фабрикасы мамандарымен бірге жаңа үлгідегі төлқұжаттың цифрлық макеті мен өндірістік кезеңіне қатысты техникалық мәселелерді талқыладық, — деді Ерлан Қарин.