Бізге жазылыңыз:

Қазақстанның атом саласы 6 млрд теңгеден астам қаражат алады

Қазақстанның атом саласы 6 млрд теңгеден астам қаражат алады
Биыл Атом және энергетика жобаларын дамытуға 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінеді, деп хабарлайды LS.

Энергетика министрлігінің бюджеттік есебіне сәйкес, 6,4 млрд теңгені қаржыландыру бірнеше негізгі бағыттарға бөлінетін болады.

Елімізде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ең көп қаражат бөлінуде – 2,7 млрд теңге. Сондай-ақ, ядролық қорғауға 44 млн теңге қажет.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысы қауіпсіздік шараларына 1,7 млрд теңге алады. Бұл өңірде Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) жұмыс істейді.

Осы саладағы қолданбалы ғылыми зерттеулер 1,8 млрд теңге алады.

Ядролық сынақтардың мониторингі 127,5 млрд теңгеге бағаланды.

Дереккөз: https://lsm.kz/atomnaya-otrasl-kazahstana

Ұқсас материалдар