— Токио және басқа да бағыттар бойынша тікелей рейстер ашылатыны көптен бері айтылып келеді, бірақ әлі де нәтиже жоқ… Жоспарланған рейстер тек сөз жүзінде қалып қоймасын, — деді Үкімет басшысы.
Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев халықаралық рейстер жоспарға сәйкес іске қосылатынын уәде етті.
— Токио бойынша осы жылдың төртінші тоқсанында, ал АҚШ-қа келер жылдың екінші тоқсанында рейстерді ашамыз. Қазір 34 халықаралық бағдар бойынша Астанада рейстер орындалып жатыр. Осы жылдың соңына дейін тағы да 5 бағытты ашамыз, — деді министр.





