
2024 жылы Қазақстанға бес араб елінен келген туристер саны 62%-ға артты. Бұл туралы Шекара қызметі мен Туризм индустриясы комитетінің деректеріне сүйене отырып хабарланды.
Ең жоғары өсім келесі елдерде тіркелді:
-
Оман — 80%-ға өскен, 15 мыңнан астам турист;
-
БАӘ — 14,7 мың адам (40%-ға артты);
-
Сауд Арабиясы — 9 мыңнан астам (47%-ға өсті);
-
Катар — 1,5 есе өскен;
-
Бахрейн — 2022 жылмен салыстырғанда 4 есе көбейген.
Бұл көрсеткішке визасыз режим, тікелей әуе рейстерінің артуы, халықаралық туристік көрмелерге қатысу және Қазақстанның Таяу Шығыс туристері үшін танымал бағыт ретінде танылуы себеп болған.
Комитеттің мәліметінше, Қазақстан 2024 жылы Ораза айт мерекесінде араб туристері үшін сұранысқа ие бағыттардың бірі болды.
Жалпы 2024 жылы Қазақстанға 15,3 млн турист келді, оның 10,4 миллионы бір күннен артық елде болған. Орташа сапар ұзақтығы — 4 күн, ал алыс шетелден келген бір турист орта есеппен $1500 жұмсайды. Шетелдік туристердің ел ішіндегі жалпы шығын көлемі 1,2 трлн теңгеден асты.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025