Бізге жазылыңыз:

Қазақстанға 87 елдің азаматы визасыз келе алады

Қазақстанға 87 елдің азаматы визасыз келе алады

Туристің жолы әуежайдан басталып, қонақ үй, мейрамхана мен туристік нысандарға дейін жалғасады. Осы аралықта әрбір кезеңде қолайлы жағдай жасалу қажет.

Соңғы жылдары Қазақстан шетелдік туристер үшін анағұрлым ашық елге айналды. Бүгінде 87 елдің азаматы Қазақстанға визасыз, тағы 107 елдің азаматы электронды визамен кіре алады, − деді сала министрі.

Сонымен бірге, әуе қатынасы да кеңейіп келеді. «Ашық аспан» саясатының арқасында өткен жылы 22 жаңа маршрут іске қосылды. Биыл тағы 32 маршрут жоспарланып отыр.

2024 жылы елге 15,3 миллион турист шетелден келген. Сондай-ақ, 10 миллионнан астам ішкі турист ел ішінде саяхаттаған. Осыны ескере отырып, әсіресе жазғы маусымға барлық деңгейдегі органдар мұқият дайындалуы қажет, − деді Е. Мырзабосынов.

Ұқсас материалдар