Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады

Қазақстандықтар Оңтүстік Кореяда ресми түрде жұмыс істей алады

Қазақстан Оңтүстік Кореяның Жұмысқа орналастыруға рұқсат беру жүйесіне (EPS) қатысушы елдер тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл шешімді Корея Республикасының Үкіметі 14 тамызда қабылдады.

Жүйе аясында қазақстандық жұмысшыларды алғашқы рет 2028 жылдан бастап тарту жоспарланып отыр. Оған дейін Қазақстан бірқатар ұйымдастырушылық рәсімдерді аяқтауы керек. Атап айтқанда, үкіметаралық өзара түсіністік туралы меморандум жасалып, корей тілінен тестілеу өткізетін EPS-TOPIK орталығы құрылуы қажет.

Бағдарламаға қатысу үшін үміткерлер корей тілінен тестілеуден, кәсіби дағдыларын бағалаудан және медициналық тексеруден өтуі тиіс.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысқа орналасу ресми жүйе арқылы жүргізілетінін атап өтті. Ведомство азаматтарды Кореяда жұмысқа орналастыруға кепілдік беретін немесе іріктеу рәсімін жеделдетуге уәде беретін делдалдарға ақша бермеуге шақырды.

Қазіргі таңда EPS жүйесіне Азияның бірқатар елдері, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан қатысады. Қазақстан да осы жүйе арқылы азаматтарын Оңтүстік Кореяда мемлекеттер арасында белгіленген рәсімдер негізінде ресми жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне ие болады.

Ұқсас материалдар