ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстандықтар 310 млрд теңге сомада жәрдемақы мен әлеуметтік төлем алды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді.
Бұған қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі — МӘСҚ) еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша шамамен 37,3 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.
Министрліктің дерегінше, 2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша мүгедектігі бойынша МӘЖ алушылар саны шамамен 542,5 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша — шамамен 198,1 мың адам болған.
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобына және себебіне, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады.