
Дегенмен «ҚАЭС» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100 пайыз үлесі формалды түрде «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының меншігінде қалып отыр. АЭС салу жобасын жеделдету үшін «Самұрық» пен агенттік арасында сенімгерлік басқару шарты жасалған.
– Осы шарт бойынша агенттікке «ҚАЭС» ЖШС-нің үлесін басқару құқығы берілді. Оның ішінде стратегиялық және операциялық сипаттағы шешімдер қабылдау өкілеттіктері де бар. Сонымен қатар, «ҚАЭС» ЖШС үлесін республикалық меншікке беріп, агенттікке бекіту бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр, – деп жазылған ресми мәліметте.