
Қазақстанда 1998 жылдан бері қолданылып келе жатқан жинақтаушы зейнетақы жүйесі демографиялық ауытқуларға байланысты қаржылық тұрақтылығын жоғалтпайды. Бұл жүйеде әр азамат өз зейнетақы жинағын жеке шотында қалыптастырады.
Мамандардың айтуынша, халықтың қартаюы мен туу деңгейінің төмендеуі көбіне тарату жүйесіне әсер етеді, себебі ол қазіргі жұмыс істеп жатқан азаматтардың төлемдеріне тәуелді.
Ал жинақтаушы модельде төлемдер әр салымшының өз табысынан жиналған қаражат пен инвестициялық табыс есебінен жүзеге асады. Сондықтан жүйе кассалық тәуекелдерге ұшырамайды.
Фондтың айтуынша, негізгі міндет – жұмыс істейтін халықтың түгел қамтылуы мен тұрақты жарна аударуы. Бұл болашақтағы лайықты зейнетақы деңгейіне тікелей әсер етеді.