Бізге жазылыңыз:

Қазақстандағы тұрғын үй бағасы: өсу қарқыны бәсеңдеді, ірі қалаларда төмендеді

Қазақстандағы тұрғын үй бағасы: өсу қарқыны бәсеңдеді, ірі қалаларда төмендеді

Наурыз айының қорытындысы бойынша Қазақстанда тұрғын үй бағасының өсу қарқыны төмендеді: бұған дейін ай сайын 1%-ға қымбаттаса, наурызда өсім 0,4% ғана болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Krisha.kz сайтына сілтеме жасап.

Айлық динамика

Ең жоғары баға өсімі келесі қалаларда тіркелді:

  • Тараз және Қостанай (+2,2%)

  • Ақтөбе (+2,1%)

Ал ірі қалаларда керісінше, тұрғын үй бағасы төмендеді:

  • Шымкент — –2,7%

  • Алматы — –0,6%

  • Атырау — –0,4%

Жылдық динамика

Соңғы 12 айда Қазақстан бойынша тұрғын үй бағасы орташа 6%-ға өсті.

  • Бағаның ең жоғары өсуі — Ақтауда (+17,8%)

  • Астана, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында 9,4%-дан 11,3%-ға дейін қымбаттады

  • Алматыда 4,2%, Шымкентте 6,2% өсім байқалды

  • Тұрғын үй бағасы төмендеген жалғыз қала – Қарағанды (–1,4%)

Сарапшылардың айтуынша, бағаның өсу қарқынының баяулауы нарықтың қанығуы мен ірі қалаларда сұраныстың төмендеуімен байланысты.

Ұқсас материалдар