
ҚР Атом энергетикасы агенттігінің мәліметінше, Қазақстанда салынатын станция осы үлгіге ұқсас болады. Макетте көрсетілген № 6 энергоблок — әлемдегі 3+ буынына жататын алғашқы энергоблок.Салтанатты іс-шараға ҚР Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев пен «Росатом» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачёв қатысады деп жоспарланған.
Рәсім ұйымдастырылар жерде топырақ сынамасын алу үшін бұрғылау жұмыстары жүреді. Алынған капсуладағы үлгілер Ресей жағына зерттеу жүргізу үшін тапсырылады.Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысын аяқтау 2035–2036 жылдарға жоспарланған.