Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру механизмі өзгереді

Қазақстанда субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру механизмі өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастырудың жаңартылған тәртібін ұсынды. Құжат «Ашық НҚА» порталында 2025 жылғы 15 сәуірге дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.

🔹 Не өзгереді?
✔ Жұмыс берушілерден өтінімдерді қабылдау мерзімі нақты белгіленеді: 2025 жылы 1 ақпаннан 30 қыркүйекке дейін.
Электронды еңбек биржасы арқылы жұмыс берушілерді автоматты тексеру енгізіледі.
✔ Жұмыс берушілердің жауапкершілігі күшейтіледі.
✔ Жұмыссыз азаматтардың екі жылда бір рет қатысуына шектеу қойылады.
Субсидияланатын жұмыс орындарының саны автоматты түрде есептеледі.
✔ Қаржыландыру және есеп беру процесі оңтайландырылады.

Бұл өзгерістер жүйенің ашықтығын арттырып, тиімділігін күшейтеді және қосымша бюджет шығындарын қажет етпейді.

Ұқсас материалдар