Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда шетелдік инвесторларға арналған «алтын виза» енгізіледі

Қазақстанда шетелдік инвесторларға арналған «алтын виза» енгізіледі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі инвесторлық визаны алу тәртібін бекітті. Жаңа ережеге сәйкес, қазақстандық компаниялардың жарғылық капиталына немесе отандық бағалы қағаздарға кемінде 300 мың АҚШ доллары көлемінде инвестиция салған шетел азаматтары электронды түрде инвестор визасын рәсімдеуге өтініш бере алады.

Аталған «алтын виза» иесіне 10 жылға дейін тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігін береді.

Мұндай визалық бағдарламалар АҚШ, БАӘ, Сингапур және Еуропа елдерінде сәтті іске асып, инвестиция мен технология тартудың тиімді құралы ретінде танылған. Қазақстан да осы халықаралық тәжірибеге қосылып, шетелдік капиталды қорғауға және қолайлы инвестициялық орта қалыптастыруға бағытталған өз моделін ұсынып отыр.

Жаңа ереже ресми жарияланған күннен бастап 10 күннен кейін күшіне енеді.

Ұқсас материалдар