
— Заң жобасында тұрғын үй саясаты жағдайын жақсартуға бағытталған қосымша шаралар көзделген. Атап айтқанда, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті алаңында үлескерлерді қолдау орталығы құрылады. Ол орталықта азаматтарға тұрғын үйді қауіпсіз сатып алу жөнінде кеңес беріледі. Сондай-ақ орталықта құрылыс компаниясының рұқсаты мен бірыңғай оператордан алған кепілдігінің бар-жоғы туралы ақпарат беріледі, — деді Ерлан Күлішев елордада «Атамекен» ҰКП алаңында өткен жиында.
Сонымен қатар, ведомство өкілі мердігерге берілетін аванстық төлемнің лимиті де ұлғаятынын айтты.
— Егер аванстық төлемді қайтару бойынша банк кепілдігі бар болса, төлемнің шекті мөлшері 25%-дан 50%-ға дейін ұлғайтылады, — дейді ол.
Бүгін елордада «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер алаңында «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңы талқыланды. Жиынға құзырлы органдар өкілдері, құрылыс компанияларының басшылары мен бизнес өкілдері қатысты.
Бұған дейін хабарлағанымыздай елімізде құрылыс компанияларына кепілдік алу талаптары жеңілдейді.