Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 8,3%-ға өсті

Қазақстанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 8,3%-ға өсті

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар–наурыз айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор (ҚМЭИ) 108,3%-ды құрап, экономика 8,3%-ға өсті.

📊 Негізгі салалардағы өсім:

  • өнеркәсіп — +6,7%

  • ауыл шаруашылығы — +3,7%

  • сауда — +6,3%

  • құрылыс — +16,9%

  • көлік және қоймалау — +21%

Ал қызмет көрсету саласының нақты көлем индексі 0,4%-ға төмендеді.

📍 Өңірлер бойынша:

  • Астана (124,7%) және Түркістан облысы (117,5%) – өсім көшбасшылары

  • Шығыс Қазақстан (92,3%) және Ұлытау облысында (99,8%) төмендеу байқалды

ҚМЭИ – бұл экономиканың негізгі салаларындағы қысқа мерзімді өзгерістерге негізделген кешенді көрсеткіш. Ол ЖІӨ динамикасын жедел бағалауға мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар