Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда екі ірі ғарыш жобасы іске асырылады

Қазақстанда екі ірі ғарыш жобасы іске асырылады

Бірінші жоба – KazEOSat-MR орташа кеңістіктік ажыратымдылықтағы Жерді қашықтан зондтау жүйесін жасау және ұшыру. 2024 жылы бұл мақсатқа 9,2 млрд теңге бөлініп отыр. Жобаны толық аяқтау 2027 жылға жоспарланған.

Жаңа спутниктік топ құрамында үш аппарат болады. Бұл Қазақстан аумағын күн сайын суретке түсіруге мүмкіндік береді, яғни қазіргі жүйеден үш есе жиі.
2027–2031 жылдар аралығында импортты алмастырудан 104,4 млрд теңге үнемдеу көзделуде. Мемлекеттік органдарға спутниктік деректер ұсыну арқылы 46,5 млрд теңге көлемінде жанама пайда әкеледі.
Бес жыл ішінде кем дегенде 2,4 млрд шаршы шақырым аумақ қамтылады.

Екінші жоба – "Бәйтерек" ғарыш-зымыран кешенін құру. Оған биыл 60,8 млрд теңге қаржы қарастырылған.

Жоба Қазақстан мен Ресей арасындағы үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылуда. Ресей тарапы "Союз-5" зымыран тасығышын жасап шығарса, Қазақстан "Зенит-М" старт алаңын қайта жаңғыртып, зымыран бөліктерінің құлау аймақтарын дайындайды.

Аталған жобалар еліміздің ғарыш саласындағы әлеуетін арттыруға және жоғары технологиялық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Ұқсас материалдар