Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда дизель отынының тапшылығы бола ма – министрлік жауап берді

Қазақстанда дизель отынының тапшылығы бола ма – министрлік жауап берді
Бүгін Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында тілшілер жанар-жағармай бағасына қатысты сұрақ қойды.

«Сарапшылардың айтуынша, қазір арзан дизель отынын фермерлер, көлік компаниялары, коммуналдық қызметтер алдын ала жаппай сатып алу мүмкін. Осының салдарынан нарықта отын тапшылығы орын алуы ықтимал. Министрлік бұл мәселені қалай шешіп жатыр?» - деп сұрады журналистер.

- Жалпы, бұл нарық ырықтандырылды, әсіресе бензин мен дизель отынына қатысты. Осы орайда баға нарық арқылы реттеледі. Жақында мораторий енгізілгенін білесіздер... Атап айтқанда, ондай жағдай (тапшылық) болады деп ойламаймыз. Бізде отын қоры жеткілікті. Қазір нарықтағы сұраныс пен ұсынысты ескере отырып, еліміздегі жанармай нарығының жағдайы тұрақты, - деді С. Жаркешов.
Оның айтуынша, Қазақстанда 400 мың тоннадан астам дизель отыны бар.

- Сондықтан мұндай проблема болады деп ойламаймыз, - деді вице-министр.

Ұқсас материалдар