АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Иранды атқылап, Тегеран Таяу Шығыстағы америкалық базаларды соққылауы бүкіл әлемдегі нарыққа айтарлықтай әсер етіп жатыр. Кейінгі үш-төрт күнде, әсіресе, алтын қымбаттады.
Бір күн бұрын инвесторлар салыстырмалы түрде тұрақты деп санайтын активтің бір унциясы 5400 доллардан асып түскен. 3 наурызда Астана уақытымен сағат 11:00-де алтын шамамен 5312 доллардан саудаланып жатыр.
Қазақстан Ұлттық банкі де бағалы металл құнын көтерді. Кейінгі екі аптаның ішінде алтынның 1 грамы шамамен 7 мың теңгеге қымбаттады. Салыстырар болсақ, тура бір жыл бұрын – 2025 жылғы 3 наурызда ҰБ алтынның 1 грамын шамамен 46 мыңтеңгеден сатқан. Содан бері оның құны шамамен 37 мың теңгегеқымбаттағанын көріп отырмыз.





