ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда ақылы автожолдарды тегін пайдаланатын көлік санаттары белгілі болды

жедел медициналық жәрдем;
авариялық-құтқару қызметтері;
құқық қорғау органдары;
көліктік бақылау органдары;
арнаулы мемлекеттік органдар;
ҚР Қарулы Күштері, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар;
Ұлттық оператор және жекеше әріптеске тиесілі, жолды күтіп-ұстауға арналған арнайы техника;
жануарлар дүниесін қорғау саласындағы уәкілетті органның арнайы көлігі.
2. Қала маңындағы және іргелес елді мекендер қатынасында:
аудан немесе облыс орталықтарына, астанаға және республикалық маңызы бар қалаларға қатынайтын тұрақты жолаушылар автобустары;
бір аудан шегінде жүретін, сол ауданда тіркелген автобустар;
жүк көліктері мен ауылшаруашылық техникалары – су тосқауылдары мен теміржол өткелдерін кесіп өту үшін;
бір аудан шегінде жүретін, сол ауданда тіркелген жеке және заңды тұлғалардың жеңіл автомобильдері.
3. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің жеңіл автомобильдері.
Бұл көліктердің мемлекеттік нөмірлері арнайы топқа енгізіліп, ақылы жолдағы бақылау жүйесінде төлем алынбайды.
Жеңілдікті алу үшін тиісті санат өкілдері «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға ресми өтінім жіберіп, көлік нөмірін және автобустар үшін маршрут парағын қоса ұсынуы қажет.