
- Қазіргі кезде Қазақстанда АИ-100 маркалы бензин өндірілмейді. Дегенмен, отандық мұнай өңдеу зауыттарында алдағы уақытта бұл бензин түрін өндіру бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Бұл тұрғыда техникалық-экономикалық негіздемені пысықтаған кезде,
нарықтағы сұранысқа байланысты нақты автокөлік бензинінің маркаларының тізімі қарастырылады.
Айта кетейік, АИ-100 маркалы бензинімен спортқа арналған және суперкар көліктері жүреді. Бұл машиналар максималды өнімділікті талап етеді және оны 100 маркалы бензин қамтамасыз ете алады. Жоғары жылдамдыққа арналған қуатты қозғалтқыштары бар автомобильдерге де АИ-100 бензинін пайдалануға болады. Сондықтан жанармайдың осы түрімен жүретін көліктердің қозғалтқышында қуаты мен өнімділігі артады.
Бұған дейін Энергетика министрлігі бензин бағасының күрт өсуіне жол берілмейтінін мәлімдеген.