Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда 780 млрд теңгеге алтын өндіру жобалары іске асады

Қазақстанда 780 млрд теңгеге алтын өндіру жобалары іске асады

Алдағы үш жылда Қазақстанда алтын өндіру саласында 13 жаңа нысан іске қосылады. Жобаларға салынатын инвестиция көлемі 780 млрд теңгені құрайды, нәтижесінде 3,4 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.

Бұл кәсіпорындардың жалпы өңдеу қуаттылығы жылына 20,6 млн тонна кенді немесе 21 тонна Доре қорытпасын құрайды.

Соңғы он жылда аймақтарда алтын өндіру саласында 19 жоба жүзеге асырылды. Жалпы көлемі 420,3 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, 4,4 мың жұмыс орны ашылды.

Көбінесе жаңа жобалар Ақмола және Қарағанды облыстарында шоғырланған. Ал тартылған инвестициялар көлемі бойынша Павлодар (27,7%) және Ақмола (18,8%) облыстары көш бастап тұр.

Ұқсас материалдар