Қазақстанда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына газ инфрақұрылымын дайындау жұмыстары жалғасып жатыр. «QazaqGaz Aimaq» АҚ жауапкершілігіндегі 77 мың км газ тарату желісінің дайындық деңгейі қазір 91%.
Жазғы кезеңде компания «Интергаз Орталық Азия», коммуналдық қызметтер, өңірлік әкімдіктер және ірі кәсіпорындармен бірлесіп газ желілерін тексеру, жөндеу және профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
Қазіргі уақытта:
-
ГРП және ГРПБ жөндеу жұмыстары — 92%;
-
ГРПШ және ШРП — 93%;
-
электрохимиялық қорғау құралдары — 93%;
-
газ құбырларын аспаптық тексеру — 96%;
-
ажырату құрылғыларына техникалық қызмет көрсету — 84% орындалды.
Сонымен қатар газ қысымының төмендеуін болдырмау және апат қаупін азайту үшін 227 қосымша іс-шара қарастырылған. Оның 206-сы немесе 91%-ы орындалды.
Атап айтқанда, газ құбырларын сақиналау 93%, қосымша ШГРП орнату 90%, қысым реттегіштерін ауыстыру 90%, ал газ құбырларының диаметрін ұлғайту жұмыстары 89% орындалды.
Жылыту маусымына дайындыққа 6 306 өндірістік қызметкер тартылды. Компанияның қарауында 287 360 ГРП, ПГБ және ШГРП нысаны бар.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты — қысқы кезеңдегі ең жоғары жүктеме кезінде тұтынушыларды тұрақты, үздіксіз және қауіпсіз газбен қамтамасыз ету.





