Қазақстанда өндірілетін тауарлар, оның ішінде:
– этил спирті, коньяк және арақ;
– тауық жұмыртқасы;
– бидай ұны және бидай;
– күнбағыс майы;
– ашытқы;
– сүзбе және балқытылған ірімшіктер;
– көкөністер (картоп, қырыққабат, сәбіз), алма;
– макарон өнімдері;
– ет және шұжық өнімдері;
– минералды тыңайтқыштар;
– антифриз;
– минералды мақта және басқа да позициялар.
Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар:
банан, апельсин, мандарин, құрма, шампиньон, көкжидек, кейбір органикалық еріткіштер мен отқа төзімді керамикалық материалдар тағы басқа.
Ең төменгі баға қалай есептеледі
Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 28 ақпанға, 31 мамырға, 31 тамызға және 30 қарашаға дейін уәкілетті мемлекеттік статистика органынан әр тауар түрі бойынша соңғы үш айдың кәсіпорындардан өндірушілердің орташа бағасын сұратады. Өндірушілерінің орташа бағасы тауардың өлшем бірлігіне шаққандағы теңгемен беріледі.
Мемлекеттік кірістер органы жыл сайын 15 наурыздан, 15 маусымнан, 15 қыркүйектен және 15 желтоқсаннан кешіктірмей әр тауар түрі бойынша ең төмен баға деңгейін есептеп, оны kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында жариялайды.
Есептеу тәсілі
Қазақстанда өндірілетін тауарларға арналған ең төменгі баға деңгейі:
- кәсіпорындар өндірушілерінің орташа бағасы мен әкелінетін тауарлардың орташа құнының арифметикалық ортасы арқылы есептеледі.
Қазақстанда өндірілмейтін тауарлар бойынша ең төменгі баға:
- кедендік құнды бақылау кезінде пайдаланылатын бағалық ақпараттың орташа мәні мен соңғы үш айда Қазақстанға әкелінген тауарлардың орташа құнының арифметикалық ортасы ретінде айқындалады.
Бұл көрсеткіш тек тауарларды импорттау кезінде қосылған құн салығы (ҚҚС) сомасын есептеу үшін қолданылады.
Ең төмен баға деңгейі жыл сайын 1 қаңтар мен 31 наурыз аралығында, 1 сәуір мен 30 маусым, 1 шілде мен 30 қыркүйек, сондай-ақ 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығында айқындалады.
Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.





