
— Бүгінгі таңда 8,4 млн гектар немесе жалпы егіс алқаптарының 52,6%-ы жиналды. Нәтижесінде 12,7 млн тонна астық бастырылды. Дәнді дақылдардан бөлек, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 435 мың тонна майлы дақыл, гектарына 224,3 центнер өнімділікпен 1,5 млн тонна картоп және гектарына 284,5 центнер өнімділікпен шамамен 2,5 млн тонна көкөніс жинады. Атап айтқанда, 330,1 ц/га өнімділікпен 396 мың тоннадан астам қырыққабат, 423,3 ц/га өнімділікпен 676,7 мың тонна пияз, сондай-ақ 296,6 ц/га өнімділікпен 241,2 мың тонна сәбіз жиналды, — делінген министрлік хабарламасында.
Бұдан бұрын Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысқанын жазғанбыз. Президентке биыл өңірдегі егіс алқабының көлемі 300 мың гектарға ұлғайып, 5,5 миллион гектарға жеткені баяндалды.