Бізге жазылыңыз:

Қазақстан-Жапония: 3,7 млрд доллардан астам сомаға келісімге қол қойылады

Қазақстан-Жапония: 3,7 млрд доллардан астам сомаға келісімге қол қойылады
Президент осы мақсатта Токиода жапониялық ірі бизнес өкілдерімен кездесулер өткізбек. Бұл туралы Президенттің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Телеграм-арнасында хабарлады.«Барлығы 40-тан астам құжатқа қол қою жоспарланған. Келісімдер энергетика, жаңартылатын қуат көздері, цифрландыру, тау-кен, көлік секілді негізгі салаларды қамтиды», деп жазды Р.Желдібай.
Қазақстан тарапынан құжаттарға «Самұрық-Қазына», KEGOC, «Қазатомөнеркәсіп», «Тау-кен Самұрық», «Қазпошта», «Қазақстан темір жолы» компаниялары, ал Жапония тарапынан Marubeni, MUFG Bank, Mitsubishi Heavy Industries, Hitachi Energy, Toshiba, JOGMEC, Kansai Electric Power және RIKEN KOGYO сияқты компаниялардың өкілдері қол қояды.

Сонымен қатар Руслан Желдібай Президенттің Жапонияға сапары аясында өзге де ресми келіссөздер мен іскерлік кездесулер өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Ұқсас материалдар