Бізге жазылыңыз:

Қазақстан жаңа өнімнің 7,5 млн тонна дәнді дақылын экспорттады

Қазақстан жаңа өнімнің 7,5 млн тонна дәнді дақылын экспорттады

2024 жылғы қыркүйектен бастап 2025 жылғы 27 сәуірге дейін Қазақстан 7,5 млн тонна жаңа өнім астығын экспорттады. Бұл өткен ауыл шаруашылығы маусымымен салыстырғанда 56%-ға көп.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, негізгі экспорт бағыттары — Орталық Азия елдері мен Таяу Шығыс.
Атап айтқанда, Өзбекстанға экспорт 29,7%-ға (2,0 млн т-дан 2,7 млн т-ға), Тәжікстанға — 50%-ға, Ауғанстанға — 33,8%-ға, Қырғызстанға — 2 есе артты.
Иранға жеткізу көлемі 16 есеге, Әзербайжанға — 111 есеге ұлғайды.

Министрлік деректеріне сәйкес, қазақстандық астыққа сыртқы нарықтарда тұрақты сұраныс бар.

Ұқсас материалдар