Бізге жазылыңыз:

Қазақстан туризмін мемлекеттік қолдау 2024 жылы 2,5 есеге артты

Қазақстан туризмін мемлекеттік қолдау 2024 жылы 2,5 есеге артты
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің орынбасары Ержан Еркінбаев Алматы халқымен есептік кездесу өткізді. Іс-шараға қоғамдық белсенділер, қала тұрғындары, спорт федерацияларының, туристік бизнестің өкілдері, спортшылар мен журналистер қатысты.

Ержан Еркінбаев туризм, спорт және ойын бизнесі салаларында жүргізіліп жатқан реформалар туралы айтып, жақын болашаққа арналған жоспарларымен бөлісті. Ол Қазақстан ел экономикасының маңызды бөлігі болып табылатын туристік салада тұрақты өсуді көрсетуді жалғастырып жатқанын атап өтті.

Дүниежүзілік экономикалық форум рейтингінің нәтижелері бойынша Қазақстан туристік бағыттар тізімінде 119 елдің арасында 52-ші орынды иеленді. 

Атап айтқанда, Алматы қаласы көптеген туристерді тартуды жалғастыруда. 2024 жылдың алғашқы тоғыз айындағы мәліметтерге сәйкес, Алматыға 1,7 миллион турист келді, оның 1,2 миллионы ішкі туристер, ал 500 мыңы шетелдік қонақтар болды. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,2% - ға көп.
"Алматы қаласы туристік инфрақұрылымды дамытуда серпінді өсуді көрсетіп отыр. 2024 жылы мегаполистегі орналастыру орындарының саны 366-ға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 21 бірлікке көп. Туристік орналастыру саласында көрсетілген қызметтер көлемі 70 миллиард теңгені құрады", - деп атап өтті Ержан Еркінбаев.
Сонымен қатар, 2024 жылы мемлекет тарапынан туризмді қолдау 2,5 есеге артты. Мемлекеттік бағдарлама аясында туристік нысандардың құрылысын, сондай-ақ қонақ үй сервисі мен көлік құралдарын қолдауды қоса алғанда, 32 жобаға қолдау көрсетілді.

Ұқсас материалдар