Бізге жазылыңыз:

Қазақстан сиыр, қой етін және тірі малды Иорданияға экспорттайды

Қазақстан сиыр, қой етін және тірі малды Иорданияға экспорттайды

Кездесудің негізгі тақырыбы қазақстандық сиыр еті, қой еті және тірі малды Иордания нарығына экспорттау мәселелері болды. Қазақстандық тарап еліміздің ветеринариялық бақылау жүйесі, қадағалау және сертификаттау рәсімдері, сондай-ақ отандық өнімнің жоғары сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін биологиялық қауіпсіздік шаралары туралы ақпарат ұсынды.

Келіссөз барысында және тараптардың ветеринариялық қызметтері арасында бұған дейін жүргізілген өзара әрекеттестіктің нәтижесінде сиыр еті мен қой еті бойынша мал шаруашылығы өнімдерін экспорттауға құқығы бар 6 қазақстандық кәсіпорынның Иорданияның ресми тізіліміне енгізілуіне келісім алынды.

Анықтама үшін:

•Батыс Қазақстан облысы – «Батыс-НЫК» ЖШС, «Батыс Марка Ламб» ЖШС

•Түркістан облысы – «Қайып ата» ЖШС, «Түркістан ет комбинаты» ЖШС

•Алматы қаласы – «Almaty Royal Food» ЖШС •Абай облысы – «Abaya meat processing factory»

ЖШС Иорданиялық әріптестермен келіссөздер ветеринариялық сертификаттарды келісу тәртібін талқылауға, сондай-ақ агроөнеркәсіп саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту бойынша алдағы қадамдарды айқындауға мүмкіндік берді.


Ұқсас материалдар