Қазақстан СІМ басшысы дипломатиялық миссиясын аяқтаған Оман Елшісін қабылдады
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Оман Сұлтандығының Қазақстандағы Елшісі Мұхаммед Әл-Бахраниді қабылдады.
Кездесу барысында министр Қазақстан мен Оман арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтіп, сауда-экономикалық, инвестициялық және дипломатиялық байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін елшіге алғыс білдірді.
Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Бахрани Қазақстанда қызмет атқарған кезеңін жоғары бағалап, екі ел арасындағы достыққа, өзара сенім мен құрметке негізделген қарым-қатынастың алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.
Сондай-ақ ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Масқат арасындағы серіктестікті дамытудағы рөлін ерекше атап өтіп, Мемлекет басшысының өңірлік жанжалдарды бейбіт жолмен реттеуге бағытталған бітімгерлік бастамаларына жоғары баға берді.





