Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында өнеркәсіптік кооперация орталығы ашылады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасында Орталық Азиядағы халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын құру туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заңға қол қойды. Бұл орталық екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған.
Өнеркәсіптік кооперация орталығы Түркістан облысындағы «Атамекен» және Сырдария облысындағы «Гулистан» өткізу бекеттерінің маңында орналасады. Ол екі бөлікке бөлініп, әр тараптың юрисдикциясында болады. Жалпы аумағы 100 гектарды құрайды, оның 50 гектары Қазақстанға, 50 гектары Өзбекстанға тиесілі. Орталық аймақтағы өнеркәсіптік өндірісті дамыту мақсатында өңірлік индустриялық аймақ мәртебесіне ие болады.
Құрылыс 2026 жылдың төртінші тоқсанында техникалық іске қосылып, 2027 жылдың бірінші жартыжылдығында толыққанды жұмыс істей бастайды. Жобаның жалпы құны шамамен 50 млрд теңгені құрайды. Орталықта бірлескен өндірістер құрылып, экспортқа бағытталған өнімдер шығарылады деп күтілуде.