ЖАҢАЛЫҚТАР
БИЗНЕС
Қазақстан мен Қытай Чуньцин қаласында бірлескен логистикалық хаб ашуды жоспарлап отыр

Қытайда өткен сауда-экономикалық миссия аясында Қазақстан делегациясы Чуньцин қаласында логистикалық хаб құру бастамасын көтерді. Бұл қала – Еуропаға бағытталған маңызды теміржол бағыттарының торабында орналасқан.
Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, Чуньцин – 32 млн халқы бар, ЖІӨ $430 млрд асатын ірі өнеркәсіптік орталық. Қазақстан бұл қалада бірлескен өндірістер, логистикалық және қайта өңдеу орталықтарын ашуды ұсынып отыр.
Өнімдер Еуропа, Иран, Ресей және Таяу Шығыс елдеріне экспортталуы мүмкін. Миссия қорытындысы бойынша QazTrade ұйымы екі меморандумға қол қойды:
🔹 Chongqing CCPIT
🔹 Bonded Port Area Group