ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан мен Қытай автожол құрылысына жаңа дрон технологиясын қолданады
Кездесу барысында негізгі назар – автожолдарды жобалау, мониторинг және құрылыс процесінде пилотсыз дрондарды пайдалану мәселесі болды. Келіссөз барысында тараптар дрондарды қолданудың құрылыс үдерісін тиімді әрі ашық жүргізуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Аэрофототүсірілім мен лазерлік сканерлеу технологиялары геодезиялық зерттеулерді жылдам жүргізуге, материалдардың сапасын қадағалауға, құрылыс қарқынын бақылауға және жобалық шешімдерден ауытқуларды уақытылы анықтауға жағдай жасайды.Қазақстан тарапы бұл жаңашылдық жол инфрақұрылымын цифрландыру және объектілердегі қауіпсіздікті арттыру стратегиясының бір бөлігі екенін атап өтті. Өз кезегінде банк өкілдері ірі көлік дәліздерін салуда пилотсыз жүйелерді қолдану тәжірибесімен бөлісіп, технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.
Тараптар инновациялық шешімдермен алмасуды жалғастыруға және Қазақстанның автожол саласындағы нысандарында бірлескен пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға уағдаласты.
Келіссөздер жол инфрақұрылымын дамыту, озық технологияларды енгізу, құрылыс тиімділігін арттыру және серіктестікті жалғастыруға арналған келісіммен қорытындыланды.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан мен Корея Alatau Smart City жобасын бірлесе дамытуға келісті
- 11 желтоқсан, 2025





