
2027 жылдың соңына дейін Қазақстан мен Қытай шекарасында жаңа теміржол өткізу пункті салынады. Ол Семей – Ақтоғай бағытына қосылады. Жоба құны – 577,5 млрд теңге. Пайдалануға беру 2028 жылға жоспарланған.
Абай облысында Бақты – Аягөз теміржол желісі мен Бақты ауылына жақын жерде құрғақ порттың құрылысы басталады. Бұл жобалар өңірдің логистикалық әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.