Бізге жазылыңыз:

Қазақстан Қытаймен энергетика және AI саласында жаңа R&D орталықтарын құрады

Қазақстан Қытаймен энергетика және AI саласында жаңа R&D орталықтарын құрады

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткен AI & Digital Bridge 2026 халықаралық форумында энергетика, жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған үш құжатқа қол қойылды.

Энергетика министрлігі отын-энергетика кешеніндегі инновациялар мен цифрлық технологияларды дамытуға басымдық беріп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстарға Технологиялық салалық құзырет орталығы (СТҚО) да қатысады.

Атап айтқанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында Қытайдың жетекші ғылыми және технологиялық ұйымдарымен бірлескен R&D орталықтарын құру жоспарлануда.

Power China Chengdu Engineering Corporation Limited компаниясымен баламалы және жаңартылатын энергетика бойынша R&D орталығын ашу көзделген. Орталық қолданбалы зерттеулер жүргізіп, жаңа энергетикалық технологияларды әзірлеуге және енгізуге, бірлескен ғылыми жобаларды іске асыруға және мамандар даярлауға бағытталады.

Ал Fudan University университетімен бірге қолданбалы жасанды интеллект саласындағы Қазақстан-Қытай R&D орталығын құру жоспарланып отыр. Оның негізгі міндеті — энергетика, өнеркәсіп, мұнай-газ және көлік сияқты экономиканың негізгі салаларына арналған AI-шешімдерді әзірлеу, сынақтан өткізу және практикаға енгізу.

Жобаларға Dominor Partners Limited ғылыми әзірлемелерді нақты өндірістік міндеттермен байланыстыратын индустриялық серіктес ретінде қатысады.

Сонымен қатар Shenzhen EAGET Innovation Technology Co., Ltd. компаниясымен цифрлық деректерді сақтау технологиялары бойынша бірлескен R&D орталығын құру жоспарланған. Ынтымақтастық аясында жаңа технологияларды әзірлеу, ғылыми-техникалық жобаларды іске асыру және цифрлық инфрақұрылым саласындағы мамандардың құзыретін арттыру көзделеді.

Энергетика министрлігі аталған бастамаларды үйлестіріп, ғылыми қауымдастықпен, халықаралық технологиялық серіктестермен және салалық ұйымдармен жұмысты жалғастырады. СТҚО әзірленген шешімдерді пилоттық сынақтан өткізу мен өндіріске енгізуге ықпал етеді.

Жобаларды іске асыру Қазақстанның ғылыми-технологиялық әлеуетін күшейтуге, озық технологиялар трансферін жеделдетуге және энергетика саласына инновациялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Ұқсас материалдар