— 2025 жылдың қорытындысы бойынша KASE индексі 26,1% артып, 7 031,32 тармақ болды. 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша KASE-нің сауда-саттық тізімінде 280 эмитенттің 939 атаудағы мемлекеттік емес бағалы қағаздары болды, — деп хабарлады қор биржасынан.
Сонымен қатар бастапқы нарықтағы инвесторлардың белсенділігі келесідей болған:
— Институционалдық инвесторлар — 72,6%;
— Жеке тұлғалар — 14,3%;
— Брокерлік-дилерлік ұйымдар — 12,9%;
— Өзге заңды тұлғалар — 0,1%;
— Резидент емес қатысушылар — 1,4%.
Қайталама нарықтағы сауда-саттық көлемі 22,9%-ға немесе 56,9 млрд теңгеге артып, 305,6 млрд теңгеге жетті.





