ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан Италияға металл бұйымдары экспортын 6 есе арттырды
— 6 айдың қорытындысы бойынша тауар айналымында шикізат экспортын алар болсақ, Италия бірінші, ал шикізат емес тауралар экспортында үшінші орында тұр. Біздің мақсатымыз тек қана сауда-саттық емес. Инвестициялық жағынан Италияның ірі өндірушілерін экономикамызға шақырып, олармен шикізат емес қосылған құны жоғары өнім шығару үшін жұмыс істеп жатырмыз, — деді министр Ақордада БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Ол Италия Қазақстанның ірі тауар серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
— 6 айдың қорытындысында тауар айналымы 10,1 млрд доллар болды. Оның ішінде 9,4 млрд доллар — ол біздің экспорт. Бидай экспортын арттыру шараларын қабылдадық. Экспорттағы жаңа тауар түрі — күнбағыс майы. Одан кейін металл бұйымдары экспортын 6 есе ұлғайттық. Мұнай негізгі позиция болып отыр, — деді Арман Шаққалиев.