АҚШ шенеунігінің сөзінше, келісімге жаңа мұсылман мемлекеттерінің қосылуы Израильдің легитимділігін нығайтып, өңірдегі бейбітшілік пен ынтымақтастыққа жасалған жаңа қадам болады.
Израильдің БАӘ, Бахрейн және Мароккомен қарым-қатынасын жетілдіру жөніндегі келісім Трамптың бірінші президенттік қызметіндегі шешуші дипломатиялық жетістік болатын.
Енді Вашингтон өңірлік ынтымақтастық пен дінаралық өзірі түсіністікті дамытуға екпін түсіре отырып, бұл форматты кеңейтуді көздеп отыр.
Ақ үй Сауд Арабиясының Тақ мұрагері Мұхаммед бин Салманның 18 қарашада Вашингтонға жасайтын сапарының алдында Авраам келісіміне серпін бермек.
Майамидегі экономикалық конференцияда сөйлеген сөзінде Трамп Сауд Арабиясының АҚШ-тағы елшісі, Рима бинт Бандарға Эр-Риядты келісімге мүше елдердің қатарынан көргісі келетінін айтқан.





