Бізге жазылыңыз:

Қазақстан делегациясы «Сириус» тәжірибесін зерделеді

Қазақстан делегациясы «Сириус» тәжірибесін зерделеді

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің делегациясы жұмыс сапарымен Ресейдегі «Сириус» федералдық аумағына барып, мектептік білім беру жүйесіндегі озық тәжірибелерді зерделеді.

Сапар барысында дарынды балаларды ерте анықтау және қолдау, педагогтерді даярлау, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін дамыту және білім беру үдерісіне заманауи технологияларды енгізу мәселелеріне басымдық берілді.

Делегация «Сириус» білім беру орталығында, Президент лицейінде, «Сириус» ғылыми-технологиялық университетінде, колледжде және заманауи зертханаларда болды. Сондай-ақ жасанды интеллект, робототехника, ғарыштық технологиялар, биомедицина және басқа да жоғары технологиялық бағыттар бойынша оқыту тәжірибесімен танысты.

Семинарлар мен стратегиялық сессияларда білім беру процесін ұйымдастыру, мұғалімдерді даярлау, зерттеу ортасын дамыту, дарынды оқушыларды қолдау, басқару тиімділігін арттыру және бюрократиялық жүктемені азайту мәселелері талқыланды.

Министрлік мұндай халықаралық тәжірибені зерделеу Қазақстанның білім беру жүйесінің ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді білім беру модельдерін енгізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Ұқсас материалдар