— Кодекстің негізгі бөлімі цифрлық құқықтар ұғымын айналымға енгізеді. Олардың мынандай екі түрі болады:
— айналымдағы цифрлық құқықтар — цифрлық қаржы активтері және тауарлық цифрлық активтер.
— қол жетімділікті, пайдалануды және басқа да материалдық емес мүмкіндіктерді ұсынатын утилитарлық цифрлық құқықтар.
Бұл норма нақты секторды токендеуге және цифрлық активтер нарығын одан әрі дамытуға негіз жасайды. Цифрлық деректер айналымының құқықтық режимі енгізіледі. Жазбалар түріндегі цифрлық деректер алғаш рет құқық объектісі ретінде танылғалы отыр. Бұл дегеніміз, деректер экономикалық құндылыққа ие болып, азаматтық негіздегі айналымға қатыса алады, — деді депутат.





