ЖАҢАЛЫҚТАР
«Қазақстан балалары» тұжырымдамасы 1,3 трлн теңге көлемінде қаржыландырылады
Министрдің айтуынша, тиімділікті бағалау үшін 10 индикатор қарастырылған, нақты іске асыру үшін 158 іс-шара жоспарланған. Қаржыландырудың жалпы көлемі 1,3 трлн теңге.
- «Қауіпсіздік» бағыты аясында қазіргі жағдайды ескере отырып, жұмыс жандандырылады. Ең алдымен, «Адал азамат» бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» принципін кеңейту көзделіп отыр. Бұл әрбір баланың өмірі, оқуы және дамуы үшін қауіпсіз ортаны қамтамасыз етеді. «Таза Қазақстан» акциясы балаларды тәрбиелеудің идеологиялық платформасы ретінде негізге алынады. Бүгінгі күні елімізде 20 психологиялық қолдау орталығы жұмыс істейді, барлық мектепте қауіпсіздік сабақтары мен «111» байланыс орталықтары енгізілген, - деді Жұлдыз Сүлейменова.





