
Орталық стадион 1936 жылы салынған, бірақ ғимараттың апаттық жағдайына байланысты ол толығымен бөлшектелген. Жаңа стадионның құрылысы 2025 жылдың соңына дейін аяқталады. Жаңа нысан 3598 көрерменді, соның ішінде аз қозғалатын азаматтарға арналған орындарды орналастырады және UEFA халықаралық стандарттарына сәйкес келеді.
Құрылыс аяқталғаннан кейін стадион Астана қаласының №8 олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің балансына беріледі. Жаңа стадион оқу-жаттығу сабақтары үшін маңызды базаға айналады, бұл спортшылардың дайындық жағдайларын едәуір жақсартады және олардың нәтижелерін арттырады.
Бұдан басқа, арнаулы мемлекеттік қордан еліміздің әртүрлі өңірлеріндегі мектептерді, спорт кешендерін, аурухана мекемелерін және әлеуметтік көмек объектілерін қоса алғанда, 16 әлеуметтік инфрақұрылым объектісін салуға 82 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Жобалардың қатарында Қызылорда облысы Арал ауданында сумен жабдықтау жүйелерін салу және жаңғырту бар.