Бізге жазылыңыз:

Қазақстан арқылы жүк тасымалы көлемі артты — Ресей темір жолдары

Қазақстан арқылы жүк тасымалы көлемі артты — Ресей темір жолдары
«Ресей темір жолдары» ААҚ басшысы Олег Белозеров Қазақстан мен Ресей арасындағы теміржол тасымалы және локомотивтерді пайдалану саласындағы ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір білдірді.

Оның айтуынша, Қазақстан аумағы арқылы өтетін екіжақты жүк тасымалы шамамен 6%-ға артқан. Сонымен бірге, жүк ағыны тек Қытай бағытына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де бағытталып отыр.

Спикер тараптардың түйісу бекеттеріндегі тасымалды дамыту және құжат рәсімдеуді жеделдету мақсатында жыл сайын маңызды келісімдерге қол қоятынын атап өтті. Елдер арасындағы тұрақты әрі уақтылы логистика маңызды, сондай-ақ теміржол операторлары арасындағы тәжірибелік ынтымақтастық қажеттігі де ерекше.

О. Белозеров локомотивтерді сатып алу туралы сұраққа жауап беріп, Қазақстан әртүрлі өндірушілердің техникаларын, соның ішінде ресейлік локомотивтерді де пайдаланатынын жеткізді.

— Қазақстан локомотивтерді әртүрлі елдерден сатып алады. Соған сәйкес біздің ресейлік локомотивтер де Қазақстанда қолданылады. Бұдан бөлек, бізде шекарада локомотивтерді өзара алмастыру жөнінде келісім бар. Біз Қазақстан аумағына кіргенде, Қазақстан біздің аумаққа кіргенде, екі елге де ыңғайлы техниканы қолданған дұрыс, — деді ол.

Сондай-ақ, спикер мәселе бағада емес, техниканың модификациясы мен пайдалану ерекшеліктерінде екенін айтып, ресейлік локомотивтердің сенімділігі мен қызмет көрсетуге қолайлылығын атап өтті. 

Ұқсас материалдар