Қазақстан 2027 жылға дейін IT және инновацияға 13,8 млрд теңге инвестиция салады

2025–2027 жылдар аралығында Қазақстанда IT-қызметтер экспортын ұлғайту және ұлттық инновациялық экожүйені нығайту мақсатында 13,8 млрд теңге бөлінеді. Жыл сайын 4,6 млрд теңгеден қаржыландыру жоспарланған.
Бұл қаражат инновациялық даму институттарын қолдауға, басым технологияларды анықтауға және жаңа немесе жетілдірілген өнімдер шығаруға бағытталады. Сондай-ақ стартаптарға қолдау көрсетіліп, жыл сайын 20 инновациялық грант беріледі. Жобаларды коммерцияландыру мен трансферге, инвесторлар тартуға да жағдай жасалады.
Астаналық инновациялық хаб базасындағы стартаптар ерекше назарда болады. Биыл хаб қатысушыларының IT-қызметтер экспорты 150 млрд теңгеге жетсе, 2027 жылы бұл көрсеткіш 170 млрд теңгеге дейін өседі деп күтілуде.
Бұл шаралар Қазақстанның технологиялық тұрғыдан ілгері дамуына және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған.
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстанда тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылады
- 02 мамыр, 2025
Алматыда биыл 78 ескі үй сүріледі: 667 тұрғын қоныс аударады
- 02 мамыр, 2025