ЖАҢАЛЫҚТАР
Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институтын дамытуға Үкімет резервінен қаражат бөлінді

Үкімет резервінен бөлінген қаражат институтты одан әрі дамытуға бағытталған, гидробиология және гидрохимия, гидрометеорология, спутниктік мониторинг зертханаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын уақтылы әрі тиімді жүргізуге, сондай-ақ институтқа жүктелген өзге де міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.
Анықтама:
Каспий теңізі бірегей экожүйе және су биоресурстарының аса маңызды көзі, сондай-ақ батыс өңірлер мен жалпы еліміздің тұрақты дамуына үлкен үлес қосады.
Каспий теңізінің Қазақстан тарапындағы жағалауының ұзындығы 2 320 шақырым, бұл барлық Каспиймаңы мемлекеттері арасындағы ең ұзын жағалау сызығы.