Бізге жазылыңыз:

KASE мен Pakistan Stock Exchange ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

KASE мен Pakistan Stock Exchange ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Pakistan Stock Exchange (PSX) капитал нарықтарындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

KASE Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов бұл келісімнің екі биржа арасындағы өзара іс-қимылды жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті.

«Бұл келісімнің маңызы зор деп санаймыз, өйткені біздің биржалар ынтымақтастықты дамытуға, білім мен тәжірибе алмасуға, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға және перспективалы бастамаларды бірлесіп іске асыруға ұмтылады», – деді Әділ Мұхамеджанов.

Өз кезегінде PSX бас директоры Фаррух Сабзвари KASE тәжірибесінің, әсіресе корпоративтік облигациялар нарығын дамытудағы жетістіктерінің маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар тараптар трансшекаралық ETF-терді дамыту бағытындағы ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық танытты.

Жаңа серіктестік Қазақстан мен Пәкістанның эмитенттері, инвесторлары және қаржы нарығының кәсіби қатысушылары үшін қосымша мүмкіндіктер ашып, екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Ұқсас материалдар